2016-09-15
(3726)
ҚАЖЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ПОЕЗДАР РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕ
Қасиетті жерде қазіргі уақытта бір сағата 75000 қажы тасымалдайтын 6 поезд жұмыс істейді. Ал өткен жылы сағатына 100000 қажыны тасымалдап, әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке ие болған. Бұл – әлемдегі ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш. Екінші орында - Ресейдегі поезд тасымалы тұр. Ол сағатына 48000 адам тасымалдай алады.
Поезд тек көпір үстімен ғана қатынайды. Көпір биіктігі кей жерде 9 м болса, кей жерде 45 м-ге жетеді. Көпір ұзындығы - 36 км.
Жалпы сатып алынған поездардың саны – 17. Әрқайсысының ұзындығы –240 м. Біреуіне 3500 адам сыяды. Бұл теміржолдың құрылысы бір жарым жылда бітіп, әлемдегі ең жылдам аяқталған жобаға айналған.
Теміржол биыл бесінші жыл қатарынан жұмыс істеуде. Соған қарамастан, бұл поездар қажылардың тек 30 пайызын ғана қамти алады екен.