15:10 | Маңызды мәселе
Медицина 2020-01-28 (0) (3686)

ОТТО ВАЙНЕР: «ҚАТЕРЛІ ІСІК ЕМДЕЛЕДІ!»

ОТТО ВАЙНЕР: «ҚАТЕРЛІ ІСІК ЕМДЕЛЕДІ!»

1931 жылы қатерлі ісік (рак) жасушаларын ашып, Нобель сыйлығын алған неміс ғалымы, профессор Отто Вайнер былай дейді: «Біздің көп ауруларымыздың негізгі себебі – ағзамыздағы қышқыл мөлшерінің көбейіп кетуінен болады. Ал ағзадағы қышқыл - жартылай фабрикат тамақтарды, қантты (қазіргі қанттардың табиғи емес, тазартылған қант екені бәрімізге белгілі), ГМО-сы бар өнімдер мен тез дайын болатын жартылай фабрикаттарды пайдаланудан болады.

Ағзада қышқыл көп болса, адамның ауруы да көбейе түседі. Адам тез салмақ қосады және әр жері бір мазалап түсініксіз аурулармен ауыра береді. Сондықтан қатерлі ісік секілді аты жаман аурудан қашудың, имунитетті көтеріп, денсаулықты дұрыс сақтаудың мына бір жолдарын назарларыңызға ұсынамыз:

-1-

Күнде таңертең аш қарынға 1 стақан жылы су ішіп тұруды әдетке айналдырыңыз.
Кейде оған лимонды сығып, суын қосып ішсеңіз де болады. Бұл асқазанды тазартып, ағзадағы метаболизм процестерін іске қосады. Сөйтіп, алдағы жұмыс күніне ағзаңызды дайындап береді. Аш қарынға ішілген су бас ауруы, дененің ауыруы, тахикардия, эпилепсия, холестериннің көтерілуі секілді аурулардың да алдын алады.

Сосын күнде күліп жүруді де ұмытпаңызшы. Негізі, шектен тыс уайымға беріліп, әр нәрсені ойлай беру де адамды ауру қылады.

-2-

Шөпті (аскөк (укроп), ақжелкен (петрушка), қияр, т.б) көп пайдаланыңыз. Көкөністерді шикі күйінде турап (қызылша, сәбіз, қырыққабат, шалғам, т.б) салат жасап жеп тұрсаңыз өте пайдалы. Мүмкін болса, салатқа зәйтүн майы мен лимонның суын (согын) қосып жеңіз. Көкөністерді пісіріп жегеннен гөрі шикі күйінде жесеңіз, дәрумендері сақталып қалады.

-3-

Арнайы шырын сығатын құрал бар. (соковыжималка) Соның көмегін пайдаланып, қызылша, сәбіз секілді пайдалы көкөністердің, жеміс-жидектердің шырынын ішіп тұрсаңыз, тіпті керемет!

-4-

Шамаңыз келсе, анда-санда миндаль сатып алып жеп тұрыңыз. Себебі, миндаль - холестеринді төмендететін ең тиімді 5 өнімнің бірі. Миндальдың құрамында мырыш, магний, Е, В2 секілді дәрумендер бар. Сонымен бірге, шемішке, қызыл жаңғақ, құрма, мейіз секілді кептірілген жемістерді де сатып алып жеп тұруыңыз керек.

-5-

Дүкеннен бояуы көп сок сатып алуды азайтыңыз. Одан да жемістерді (мысалы, қарақат, таңқурай, алма, т.б) алып, өзіңіз блендерден өткізіп ішіңіз.

-6-

Спортпен шұғылдану керек. Бір орында ұзақ уақыт отыра беруден тыйылыңыз. Денеңізді қозғалтып, тұрақты түрде жаттығу жасап тұрыңыз. Жұмысқа не баратын жерлеріңізге асығыс болмаса, жаяу барыңыз.

-7-

Таза ауаға, тауға шығып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге таза су құйып алып, ішіп жүруді де ұмытпағаныңыз жөн.

-8-

Өте тәтті тамақтарды, (шоколад, кәмпит, торт, т.б) газдалған сусындарды азайтыңыз. Себебі, газды су ағза клеткаларын қартайтып, жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Қазіргі самсап тұрған шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен қант - ағзаңызға кері әсерін тигізеді. Мысалы, 1 стақан газды су ішкен адам, соның кесірінен пайда болған бүкіл қышқылды жою үшін 30 стақан жай су ішуі керек екен.

-9-

Күнделікті тамақ рационыңызда баклажан, бұрыш (перец), асқабақ сияқты пайдалы тағамдар болсын. Бұл ағзадағы қышқылдың балансын реттеп тұруға көмектеседі.

-10-

Имбирді, балды көп пайдаланыңыз. Барынша пастерленген, консервіленген, т.б емес, табиғи тағамдарды жеңіз. Қымыз ішіңіз. Ет асып, сорпа ішіңіз. Бұлар иммунитетіңізді көтереді, ағзаңызға қуат береді.

Иә, шынымен де, соңғы кезде сатып алып жей салатын дайын астарға қатты үйір болып кеттік. Адамның жеп жүрген асы оның күш-қуатына, геніне, тіпті, ертеңгі ұрпағының тектілігіне әсер ететінін ескерсек, бұл – аса қатты маңыз қойып, мән беретін өзекті мәселе. Ендеше, әркім денінің сау, ұрпағының ұлағатты болуына қам қылуы тиіс.

 

3686 рет оқылды