2015-12-25 (38) (3313)
post

Үшқоңыр медресесі дайындық курсына шақырады

Үшқоңыр медресесі талапкерлерді дайындық курсына шақырады. Оқу ақпан айында басталады. Медреседе барлық жағдай жасалған: компьютер сыныбы, заманауи үлгідегі футбол алаңы. Шәкірттер жатақханамен және асханамен қамтылған. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген.

Медресемізді үздік бітірген шәкірттерге шетелдерде тегін оқу мүмкіндіктері қарастырылған. Мысалы Мысыр(Египет) елі секілді. Медресемізде Мысыр(Египет) және де еліміздің алдыңғы қатарлы дін мамандары дәріс береді.

Оқу орны ҚР Әділет министрлігінде тіркеліп, ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан лицензия алған.

Оқу мерзімі —2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай, дайындық курсы 4 ай.

Талапкерлерден төмендегі құжаттар талап етіледі:

— Директор атына жазылған өтініш;
 — Орта білімі туралы аттестат немесе диплом(түпнұсқа);
 — Өкпе қуысының түсірілімі(флюрография);
 — Анықтама (ЦПС), сотталмағаны жайлы;
 — Анықтама (НП);
 — Анықтама (ПД);
 — Сурет 3х4 үлгідегі(1дана);
 — ҚР жеке куәләк көшірмесі;
 —   Құжаттарды тіркеуге арналған іс парағы(скорошиватель).

Медресенің мекен-жайы:

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі № 164 үй. Облыстық «Қарасай батыр» мешітінің жанында орналасқан.

Байланыс телефондары: Үшқоңыр медресесі: 8 (727) 56798; 8(775) 237-81-17; 8(701) 603-11-28.

3314 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*