2016-06-27 (38) (1897)
post

ҚМДБ «Асыл арна» қызметкерлерін марапаттады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы журналистер  күніне орай БАҚ өкілдеріне ауызашар берді. Ауызашарға еліміздің бірқатар қалам ұстаған тілшілері мен ақпарат саласының өкілдері қатысты.  Ауызашар кешінде Бас мүфти «Асыл арна» телеарнасының бас режиссері Ермұханбет Иманбай мен арнамыздың Астана қаласындағы тілшісі Бекарыс Нұриманды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады. 


Кездесу барысында Ержан қажы Малғажыұлы қоғамдағы баспасөздің рөлі мен маңызына тоқталып, журналистердің Діни басқарманың қазіргі уақытта атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайлы сұрақтарына  жауап берді. «...Сіздердің тараптарыңыздан болып жатқан ақпараттық қолдауға үлкен алғыс айтамын. Жылағанның мұңына ортақтасатын ең бірінші – дін қызметкерлері мен журналистер. Сондықтан, бізді біріктіретін мақсаттар көп. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы», – деп, ағынан жарылған  Бас мүфти «Асыл арнаға» арнайы алғысын білдіріп, ауызашарға келген қонақтарға сый-сияпат көрсетті.

 

 

 

 

1898 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*