2016-05-26 (0) (3508)
post

Қазақстан студенттері Катарда тағылымдамадан өтеді

Қазақстан мен Катар арасында еліміздің арабтанушы жастарының тағылымдамадан өткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл жайында бүгін Қазақстанның Катардағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Шоқыбаев мәлімдеді.

«Катар білім министрлігімен байланысымыз күшейді. Мамыр айының басында мен Катар министрімен кездестім. Катар мен отандық жоғары оқу орындары студентері мен оқытушыларының білім алмасу мәселесін талқыладық. Шығыстану факультетін тәмамдаған арабтанушы ретінде біздің жастардың, оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің Катарда тағылымдамадан өтуі маңызды деп білемін» дейді елші.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір отандық студенттерге Катар мемлекеттік оқу орындары мен Дохадағы «Qatar Foundation» білім, ғылым және қоғамдық даму қорына қарасты әлемдік университет филиалдарында тағылымдама алу үшін арнайы грант бөлу мәселесі талқылануда.

Айта кетейік, аталмыш қорды әлемде беделді және ықпалды әйелдің бірі – Катар әмірінің анасы басқарады.

e-islam.kz

3509 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !