Лутон қаласында (Ұлыбритания) тұратын Мәрия Аслам қасиетті Құран аяттарын 5 жасында үйрене бастаған. Араға екі жыл салып, Құранды толық жаттап шығады.
Бұдан бөлек, ол анасымен бірге бірнеше мың фунт қаржы жиып, қайырымдылық шараларына да атсалысып келеді.
Жуырда Мәрия қайырымдылық шарасына арнайы шақырту алды. Еске салсақ, Құран кітабы 75 мың сөзден тұрады.