2016-04-14 (0) (4329)
post

Түркменстан «харам» жарнамаға тыйым салды

Түркменстанда 4 сәуірден бастап «Жарнама қызметі туралы» заң күшіне енді. Аталмыш заңда эротикалық қызмет, казино ойындары, жасанды қоспалар мен экстрасенс қызметтеріне тыйым салынады.

Заңға сәйкес, өзін болашақты болжап, хабар беруші санайтын тұлғаларды да жарнама жасай алмайды.

Бұл тыйымға сексуалдық мазмұндағы әрекеттер, оның ішінде психологиялық көмек ретінде жеке қарым-қатынасқа, яғни массаж жасау қызметтері де кіреді. Сондай-ақ, ана сүтін алмастырушы қоспа заттары, биологиялық белсенді қоспалар мен энергетикалық сусындар жарнамасына да рұқсат жоқ.

Айта кетейік, Түркменстанда 13 қаңтардан бастап темекі саудасына да тоқтау салынған. Қоғамның денсаулық қауіпсіздігін қорғау қызметі ел астанасында барлық сауда орындарын аралап, темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салған болатын.

e-islam.kz

4330 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !