2016-04-05 (38) (1369)
post

«Әл-Харамның» ішкі көрінісі өзгертілуде

«Әл-Харам» мешітінің ішкі бөлігі дәстүрлі араб ою-өрнектерімен өріледі. Сәулетшілердің айтуынша, мешіт интерьері осылайша үйлесімді болмақ.

«Біз Үлкен мешіт үшін арнайы дизайн әзірледік. Бұл толығымен ислам мәдени мұраларына сәйкес келеді» деді мешіттің ішкі бөлігі жұмыстарына жауапты компания өкілдері.

Осы жұмыстарға әлем бойынша мамандар тобы жұмылдырылған. Мешіт дизайны жапырақ, гүл, шар және жұлдыз бейнесіндегі дәстүрлі ислам нақыштарымен геометриялық сызықшалар арқылы жасалған. Ішкі құрылым жұмысы мәрмәр тастар мен әйнектерден тұрғызылады. 


 e-islam.kz

1370 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*