2016-01-28 (38) (1500)
post

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ОМБЫДАҒЫ ҚАНДАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында Омбы облыстық «Қайыр-ықсан» мешітінің бір топ жамағатымен жүздесіп, қандастарымызға уағыз айтты, деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Діни басқарманың бүгінгі жұмысымен, атқарылып жатқан игі іс-шараларын баяндай келе Ержан қажы Малғажыұлы жамағатты бірлікке шақырды.

«Құрметті қандас бауырларым, сіздерге айтар насихатым – ең бастысы бірліктеріңізге бекем болыңыздар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, кезінде қазақтың басына жеткен талай нәубетті кезеңдер осы бірлігімізге сызат түскеннен кейін болды. Бірлік бар жерде – береке бар. Бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар, біз әрқашан сіздерді қолдап, қолдан келгенше қамқорлығымызды аямаймыз. Осы Омбы облысы бойынша мүфтилеріңіз Бота хазрет Бакуленге қолдау көрсетіп, ортақ сауапты іс-шараларда жанынан табылсаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер»деді бас мүфти.

Омбы облысының мүфтиі әрі жергілікті Қазақ қауымдастығының жетекшісі Бота Бакулин Қазақстан мұсылмандары діни бамсқармасының қамқорлығы үшін жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

e-islam.kz

1501 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*