2016-10-14 (0) (3997)
post

МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ ЕРЕКШЕ МЕШІТ ТҰРҒЫЗДЫ (ФОТО)

 

 

 

Бангладеш қаласында бой көтерген Байтур-Рауф жаңа мешіті жобасының авторы 45 жастағы Марина Табассум есімді архитектор. Бұл мешіт ауа райы ыстық мемлекет үшін аптап ыстықта да салқын болады, қоңыржай ауа температурасын сақтай алады. Мешіт құрылысын салғанда осы жағдай айрықша ескерілген.

 

 


 

 

Автор мұнаралы, күмбезді стилді емес, жаңа заманауи дизайн үлгісін таңдаған. «Мен мешіт құрылысын бастамай құрып көптеген мешіттердің құрылысын қарадым, олардың архитектурасымен жеке-жеке танысып шықтым. Салынып жатқан мешітім ерекше болса екен деп ойладым. Көп ұзамай менде жаңа идеялар пайда бола бастады. Кейін сол идеямды қорыта келе міне, осындай әдемі мешіт пайда болды», –  дейді Марина Табассум.


Мұсылман халқына ұсынылған мешіт сызбасы жуырда архитекторлық ерекшелігі үшін арнайы марапатталып, архитектор үлкен көлемде қаржылай сыйақыға ие болды.

 

islam-today

 

 

3998 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !