2016-01-08 (38) (2154)
post

МҰХАММЕД – АМЕРИКАНЫҢ ТАҢДАУЛЫ ЕСІМІ

Соңғы 50 жыл ішінде АҚШ тұрғындары өз балаларына пайғамбар есімін 100 есе көбірек қоятын болған.

Егер 1964 жылы Мұхаммед есімі 29 балаға берілген болса, 1974 жылы АҚШ-та 142 Мұхаммед дүниеге келген. Ал ендігі он жылда 571 отбасы Мұхаммед есімін таңдаған.

2001 жылы Мұхаммед есімді 2222 сәби өмір есігін ашты. Алайда, әлемді дүрліктірген 11 қыркүйек терактісінен соң бұл көрсеткіш төмендеді.

Бүгінде Мұхаммед есімі АҚШ елінде қайта түлеп, кең тарала бастады. Айта кетейік, 2014 жылы 2931 сәби Мұхаммед есімімен аталды.

2155 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*