2016-01-01 (38) (3195)
post

Қазақ интернетінің ықпалды 10 тұлғасы

2015 жылы желіде кімдер көп оқылды, кімге көп пікір жазылды, кімдердің ақпарат тарату ауқымы кең болды? Халықаралық Klout компаниясының санағы бойынша қазақ интернетінде ықпалды қолданушылардың рейтингін жасадық. Klout — қолданушылардың әлеуметтік желілердегі ықпалдылығын есептейтін рейтинг жүйесі. Лайк, коммент, шейр, меншн саны есепке алынып, қолданушыға рейтингтік ұпай жазылады. Біз бұл рейтингті осы жүйеге тіркелген, желіде қазақ тілінде жазатын қолданушылардан құрадық.

ScreenHunter_261 Dec. 31 20.341-орын: Мұхамеджан Тазабек — Асыл арна телеарнасының директоры, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Негізгі ақпарат алаңы: Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғамдық мәселелер, дін, тәрбие.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_260 Dec. 31 20.332-орын: Есен Елеукен — Қазақстан КВН Одағының Президенті.

Негізгі ақпарат алаңы: Instagram, Facebook.

Негізгі тақырыптары: Жайдарман, қоғам, жастар, спорт.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_262 Dec. 31 20.413-орын: Берік Сұлтан — журналист, блогер.

Негізгі ақпарат алаңы: Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғам, ұлт, дін, тәрбие, тарих.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_263 Dec. 31 20.514-орын: Көкбөрі Қазақұлы — блогер.

Негізгі ақпарат алаңы: Instagram.

Негізгі тақырыптары: шоу-бизнес, ұлт.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_264 Dec. 31 20.545-орын: Аршат Оразов — блогер, Kerekinfo.kz сайтының басшысы.

Негізгі ақпарат алаңы: Facebook.

Негізгі тақырыптары: спорт, қоғам, интернет, әзіл, ақпараттық қауіпсіздік.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_265 Dec. 31 21.016-орын: Ербол Серікбай — ІТ маманы, программист, Сұрақ-Жауап сайтының басшысы.

Негізгі ақпарат алаңы: Facebook, Twitter.

Негізгі тақырыптары: қоғам, интернет, әзіл, программалау.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_266 Dec. 31 21.097-орын: Жанасыл Болатбек — блогер.

Негізгі ақпарат алаңы: Facebook, Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғамдық мәселелер, Жайдарман, әдемі фотолар.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_267 Dec. 31 21.128-орын: Өркен Кенжебек — журналист, блогер, медиалектор.

Негізгі ақпарат алаңы: Facebook, Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғам, медиа, кино.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_268 Dec. 31 21.209-орын: Бижан Садибеков — блогер.

Негізгі ақпарат алаңы: Facebook, Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғам, әзіл суреттер.
 ——————————————————————————————————

ScreenHunter_269 Dec. 31 21.2410-орын: Michael Sherimbek — блогер, программист.

Негізгі ақпарат алаңы: Instagram.

Негізгі тақырыптары: қоғам, ІТ, әзіл.


http://jas.kz/?p=5180

3196 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*