Діни басқарманың бүгінгі жұмысымен, атқарылып жатқан игі іс-шараларын баяндай келе Ержан қажы Малғажыұлы жамағатты бірлікке шақырды.
«Құрметті қандас бауырларым, сіздерге айтар насихатым – ең бастысы бірліктеріңізге бекем болыңыздар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, кезінде қазақтың басына жеткен талай нәубетті кезеңдер осы бірлігімізге сызат түскеннен кейін болды. Бірлік бар жерде – береке бар. Бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар, біз әрқашан сіздерді қолдап, қолдан келгенше қамқорлығымызды аямаймыз. Осы Омбы облысы бойынша мүфтилеріңіз Бота хазрет Бакуленге қолдау көрсетіп, ортақ сауапты іс-шараларда жанынан табылсаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер»деді бас мүфти.
Омбы облысының мүфтиі әрі жергілікті Қазақ қауымдастығының жетекшісі Бота Бакулин Қазақстан мұсылмандары діни бамсқармасының қамқорлығы үшін жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.
e-islam.kz