2016-08-05 (0) (3134)
post

САРАПШЫ ПІКІРІ: ИРЛАНДИЯДА ИСЛАМ ДІНІ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Джордж Вашингтон университеті ғалымдары ауқымды зерттеу жүргізіп, нәтижесінде «Ирландия елінің Ислам дініне жақын, сол себепті кейбір мұсылман елдерінен басып озды», - деген тұжырым жасады.

The Telegraph басылымына шыққан мақалада ғалымдар Ислам құндылықтары, әсіресе, бостандық пен әділдік тұрғысынан Ирландия алға шыққанын айтады.

Зерттеушілер осы мәселеге қатысты екі жүзден аса мемлекетке талдау жүргізген. Нәтижесінде, барлық талаптар бойынша экономикалық, әлеуметтік жетістіктерге Ирландия алға шыққаны белгілі болды. Сондай-ақ, осы санат бойынша Жаңа Зеландия, Дания мен Люксембург елдері де жақсы көрсеткішке ие.

Мұсылман елдері арасында бұл позицияда рейтингтің көш басына Малайзия шықты. Ол тізімнің 33-ші қатарынан орын алды. Аталмыш рейтинг бойынша алғашқы 50-лікке бұдан бөлек бір ғана мұсылман мемлекеті енді – Кувейт. Ол – 48 орында. 

 

www.e-islam.kz

3135 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !