15:10 | Маңызды мәселе
2016-07-14 (0) (3707)
post

«Асыл арна» телеарнасының ұжымы Баян-Өлгейдегі жағдайға байланысты бір күндік жалақысын аударады

10-шілдеде Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесіндегі бірнеше қазақ ауылын сел басты. Айтып келмейтін апаттың адам баласының иығына салар салмағы ауыр. Тасқынның салдарынан үш жүзге жуық үй су астында қалып, бірнеше адам қаза тапты. Қара шаңырағы қираған қандастарымыздың қара аспанның астын паналап жүргеніне бірнеше күн болды. Елбасы алыстағы ағайынға жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету туралы Үкіметке тапсырма берді. 


 «Қайғыдан құтқарғанға Құдай қарасады» демей ме атам қазақ?! «Кім өзінің бауырына ол мұқтаж болған кезде көмек көрсетсе, Алла оған ол мұқтаж болған кезде көмектеседі. Ал кім мұсылманды қайғысынан құтқарса, Алла оны Қияметтің бір қайғысынан құтқарады. Ал кім мұсылманды бүркесе (қорғаса, жақтаса), Алла оны Қияметте бүркейді» деген екен ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). (Бұхари, Муслим)
 Баян-Өлгейдегі бауырларымыздың басына түскен сынаққа бей-жай қарамай, қол ұшын беруді борышы деп санаған «Асыл арна» телеарнасының ұжымы да бір күндік жалақысын аударуды ұйғарды.

 

 

 

 

 

 


www.asylarna.kz

3708 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !