2016-05-05 (0) (4206)
post

Сауд Арабиясы қажылық көлемін арттырады

Арабиясы билігі 2020 жылы Мекке мен Мәдина қалаларына келуші қажылардың санын 8 млн-нан 15 млн-ға көбейтуді жоспарға алды.

Бұл ұсынысты Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз министрлер кабинетіне жасады. Құжатта король елдің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын баяндаған.

Бұған дейін ел билігі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мемлекеттің басты кіріс көзі туристік секторлар арқылы, оның ішінде қажылық индустриясымен де түсуі тиістігін мәлім еткен болатын. «Виза беру үдерісін автоматтандырып, жеңілдету жолдарын қарастырамыз. Сондай-ақ электронды қызмет сапасын да дамытамыз» делінген құжатта.

Қазіргі кезде Меккеге жыл сайын ұмра қажылығын өтеуге келетін адамдар саны шамамен 8 млн-ды құрайды. Саудиялық БАҚ мәліметінше, жыл басынан бері 4,6 млн виза берілген. Сонымен қатар, Салман король «әлемдік деңгейдегі ислам музейін» ашу қажеттілігін де мәлімдеді. 

4207 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !