Татарстан мүфтиі Ислам әлемі лигасының шейхы, Әлемдік хафиздер даярлау ұйымы білім бөлімінің басшысы Мұхаммед Сунбулмен кездесу барысында Қазан орталығынан Құран оқу кешенін салу мәселесін талқылады.
Жаңа орталықтың республика бойынша екі қалада – Альметьевск пен Нижнекамскте екі филиалы құрылмақ. Ал татар мұсылмандарына араб елдерінің ғалымдары Құран үйретеді. Оқу бағдарламасында араб тілі сабақтары да енгізілген, деп хабарлайды «Татар-информ».