2016-03-30 (0) (3192)
post

Мәскеу вокзалында құлшылық бөлмелері ашылады

Мәскеу темір жол  вокзалы мен «Шереметьево» әуежайында намаз оқуға арналған бөлмелер ашылады. Осындай ұсыныспен Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ильдар Аляутдинов шықты.

«Көлік тасымалы басшылығына құлшылық бөлмелерін ашумен қатар, олардың тиісті талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді міндеттеу туралы заңнамалық деңгейдегі құжаттар әзірленуде» делінген РФ Мемдумасында өткен қоғамдық ұйымдармен депутаттар дөңгелек үстелі қорытындысында. Жиынға қатысушылар Қорғаныс министрлігі мен Жазаны орындату федералды қызметіне әскери бөлімдер мен түзеу мекемелерінде мұсылмандарға арналған намаз бөлмелерін ашу туралы ұсыныстарын да жеткізді. 

 

e-islam.kz

3193 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !