2019-06-05 (0) (3543)
post

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке.

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.  

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. 

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!

3544 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !