2017-11-18 (0) (4688)
post

Энергетика тілшілеріне сертификат табысталды

Түрік Халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі мен (TIKA) Anadolu агенттігінің (АА) бірлесе отырып ұйымдастырған «Энергетика тілшісі» атты тағлымдама өз мәресіне жетті. 23-қазан мен 18-қараша аралығанда өткен семинарға қатысқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан және Moнғолия елдерінен келген 23 журналистке арнайы сертификат табыс етілді. Олардың арасында Алтынбек Раxымберді ("Асыл арна"), Айгүл Мыңжасар ("Қазақстан" ұлттық арнасы) және Гүлмайра Сансызбаева ("Хабар" агенттігі) бар. Бір айға созылған дәрісте қатысушылар «жаңалықтар жазу», «энергетикалық журналистика» және «сұxбат әдістері», сондай-ақ «әлемдегі табиғи газ және мұнай» «энергетикалық құқық», «аймақтық энергетикалық саясат», «AA халықаралық хабар тарату саясаты» бойынша дайындықтан өтті.
Сонымен қатар олар энергетика, мұнай, табиғи газ және электр энергиясы, әлемдегі энергетикалық ахуал, энергия құқығы және энергетикалық дипломатиясы туралы да білімдерін жетілдірді. Энергетика саласы, баламалы энергия көздерін дамыту - ең өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан бұл салада арнайы біліммен қаруланған мамандардың қатарының көбейгені көңіл қуантады.

4689 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !