20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
2015-12-10 (0) (4611)
post

Алты ғасырлық тарихы бар медресе табылды

Қазақстанның оңтүстік өңірінде іргетасы осыдан 6 ғасыр бұрын қаланған діни медресе ғимараты табылды.  Археологтар ежелгі Сауран шаһарында қазба жұмыстары барысында осындай құнды жәдігерге тап болып отыр. Бұл туралы Ummet.kz порталы хабарлады.  

 

Мамандар сәулет өрнегі өзгеше медресені қазақ жерінде XVI ғасырда пайда болған деген болжам жасауда.  

 

Қазіргі уақытта археологтар көне медресені зерттеу үстінде. Бізге белгілісі, медресенің 60-тан аса ғимараты бар көрінеді. Таң қаларлығы, дәріс бөлмелері бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған.

 

Түркістан қазба экспедициясының жетекшісі Ерболат Смағұловтің айтуынша, зерттеушілер Қазақстан аумағында дәл осындай көне медресені әзірше кезіктірмеген.

4612 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !