Бұл Меккеде болған оқиға екен. Бір меккелік Әл-Харам мешітінде намазын оқып, зікірін жасап болған соң, садақа бермек болып мешіт тазалаушысына келіпті. Қолындағы ақшасын қанша ұсынса да әлгі мешіт тазалаушысы бас тарта беріпті. Түсінбеген мұсылман садақаны алмау себебін сұрайды. Сонда мешіт сыпырушы жігіт қойнына әмиянын алып көрсетеді. Іші толған ақша мен банк карточкалары. Аң-таң болған мұсылман бай бола тұра "Мұнда не істеп жүрсің?" дейді. Сонда ол:
- Мен Үндістандағы көптеген қонақүйлер желісінің қожайынымын. Соған қарамастан, ара-арасында 6 айға жұмысшы визасын аштырып, осында жұмыс істеуге келемін. Бұл мешітте ешкімнен сый да, ақы да дәметпей, бар жақсылықты Алладан күткен күйі жұмыс істеп кетемін. Амал дәптерімде мешіт жұмыстарын бір Өзінің разылығы үшін істеген болып жазылып, Алла осы бір амалымды қабыл етсе екен деп бар жан-тәніммен тілеймін, - деп жауап берді.
Қатты таңғалған меккелік мешіттің өзге қызметкерлерінен ол адам туралы сұрап еді, барлығы да оның сөзін растап, оның үндістандық мультимиллионер мұсылман екенін, ара-арасында осылай Мекке мешітіне келіп, алты ай тегін жұмыс істеп кететінін айтты.
Пы.сы. Алланың разылығын іздеген жүректер небір қадамға бара береді екен ғой! Дүние осындай адамдармен әдемі ғой, айтыңыздаршы?!
«Міне, солар, шынайы мүміндер! Олар үшін Раббыларыңның қасында да дәрежелер және жарылқау, әрі көркем несібе бар» («Әнфал» сүресі, 4-аят).
hibatulla.kz