2017-01-24 (0) (3268)
post

ҚМДБ МЕН РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Қазақстандық делегация Мәскеу қаласының Орталық мешіті жанында орналасқан Ресей мұсылмандары діни басқармасына ат басын бұрды. Бас мүфтидің кеңесшісі Қуат Раевты, ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханды және "Асыл арна" телеарнасының түсіру тобын Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Рушан хазрат Аббясов жылы шыраймен қарсы алды. Ол өздеріне қарасты Мәскеу ислам институты мен Қазан қаласындағы Ресей ислам институты туралы, әрі ондағы тәлімгерлер жайында мол мағлұмат берді. Және Қазақстанмен рухани байланысын одан әрі жетілдіруге мүдделі екендіктерін айтты. Қазақстандық меймандар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, бірлесіп атқарар шаруалардың шаш етектен екенін алға тартты. Және Ресей муфтиінің тағы бір орынбасары Дамир хазрат Ғиззатулинмен жүздесті. Мұнан соң екі жыл бұрын пайдалануға берілген Мәскеу Орталық мешітін аралап, ерекше әсерге бөленді. Бір уақытта 10 000 адам намаз оқи алатын құлшылық үйі ел бірлігі мен тұтастығына қызмет еткей! 

Нұрболат Қуанышбекұлы. 
«Асыл арна», Мәскеуден.

 

 

 

 

 

 

3269 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !