2016-07-13 (0) (4147)
post

ҚМДБ: «КӨРІКТІ МЕШІТ – 2016» жеңімпаздарына ҚАЖЫЛЫҚ сертификаты табысталды (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Көрікті мешіт – 2016» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, жүлделі орын алған мешіт имамдарына қажылық сертификаты мен алғыс хаттарын табыстады.

Өз кезегінде Бас мүфти: "Аллаға шүкір соңғы жылдары сәулеті жарасқан мешіттер көптеп бой көтеруде. Біздің комиссияға көрікті мешіттерді таңдап алу өте ауыр болды. Өйткені, елімізде көрікті мешіттер өте көп. Сол мешіттердің ішінен сіздердің мешіттеріңіз озып шықты. Мешіттеріңізді таза ұстап, ауласын абаттандырып, халықтың келуі мен кетуіне ыңғайлы жағдай жасаған сіздерге Алла разы болсын. Мешіттің имамы – халықтың қызметшісі. Сондықтан, мешіттерде барлық жағдай жасалуы керек." -, деп мешіт имамдарына алғысын білдірді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырған болатын. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, көрікіндегі сән-салтанатымен қоса, ауласының таза, ретті, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беруді көздеген.

 

Байқау екі деңгей бойынша, қала, аудан мешіттері деңгейінде және ауыл мешіттері деңгейінде өтті. ҚМДБ арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3 орындарды анықтаған болатын.

 

 

Аудандық, қалалық деңгей бойынша:

1-орын: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы орталық «Нұғыман» мешті;

2-орын: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті;

3-орын: Қостанай облысы, Қарабалық кенітіндегі «Ғашура ана» мешіті.

Ауылдық деңгей бойынша:

1-орын: Талдықорған өңірі, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы «Имам ағзам» мешіті;

2-орын: Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты,  Нағи Ілиясо­в ауылы «Айтбай» мешіті;

3-орын(екеу): Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылдық «Үкібай Абдрахманұлы» мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Ұшбұлақ ауылдық мешіті.

 

MUFTYAT.KZ

 

 

 

 

4148 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !