21:00 | Кино уақыты
21:00 | Кино уақыты
2016-04-25 (0) (3723)
post

Жас қари Халықаралық Құран жарысында жүлделі орынға ие болды

Жақында Индонезия Республикасының Жакарта қаласында «Оңтүстік Шығыс және Азия елдерінің Ассоциациясымен Азия және Тынық мұхит елдерінің арасында Сұлтан Бин Абдулазиз әл-Сауд ханзадасының қасиетті Құранды жадында сақтау» атты Халықаралық Құран Кәрімді оқу сайысы өтті.  Сайысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім және ғылым бөлімінің ұсынысымен Қалақұл Дулат Болатбекұлы қатысқан болатын.

Аталмыш сайыстың 1-орны Индрнезияға, 2-орны Австралияға, 3-орны Малайзияға бұйырса, елімізден барған Дулат Болатбекұлы 4-орынға қол жеткізді. Қариымыздың қырағаты мен Құран оқу мақамына тәнті болған қазылар алқасының төрағасы, Мәдина қаласындағы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітінің Бас имамы Абдуль Муқсин әл-Қосим мырза тек Дулат қариымызды халық алдына шығарып, алғысын білдіріп, Қарилардың үлгі алуын сұрап, "Құранды оқысандар осылай оқындар", – деп өз қолымен Құран кітап сыйға тартты.

Абдуль Муқсин әл-Қосим мырза қариымызды арнайы Мәдина қаласына шақыртып, Ижаза беретіндігін айтты. Қарилар үшін Ижаза алу бас жүлдеденде жоғары және ен үлкен сый. Жас қариымыз жергелікті Индонезия каналына сұхбат беріп, Құран оқыды.

muftyat.kz

 

3724 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !