2019-07-10 (38) (2884)
post

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНДА ХАЛАЛ АС МӘЗІРІ ПАЙДА БОЛДЫ

Ресей Федерациясында тарихта алғашқы рет Біріккен Араб Әмірлігінің тұңғыш ғарышкері үшін арнайы ас мәзірін дайындайды. Дәлірегі, ресейлік "Ғарыш тағамы зертханасы" компаниясы араб ғарышкері Хаззаа әл-Мансұр үшін шариғат талабына сай арабтардың ұлттық тағамын дайындайды. Тұңғыш араб ғарышкері қыркүйек айының 25-і күні ресейлік Олег Скрипоч және америкалық Джессика Меир әріптестерімен бірге "Союз МС-15" ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш стансасына аттанады. Ол онда сегіз күн болып, қазан айының 3-і күні ресейлік Алексей Овчинин және америкалық Ник Хейг әріптестерімен жерге оралады. Халал ас мәзірі араб ғаршкеріне консервіленген әрі қалайы банкпен беріледі. Шариғат талабына сай халал ас мәзірі тамыз айының орта шенінде дайын болады.

islam.kz

2885 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*