2016-11-11 (0) (5842)
post

2022 ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨТЕДІ

2022 жылы Катарта өтетін футбол чемпионаты кезінде алкогольге айтарлықтай дәрежеде шектеу қойылады.

Алкогольді ішімдіктерді қоғамдық орындар мен қала көшелерінде ішуге болмайды. «Сондай-ақ спиртті ішімдіктерді стадионда және оның айналасында сатуға, таратуға тыйым салынады. Чемпионат кезінде  Катар өзінің сан ғасырлық дәстүрі мен заңдарын аяқасты ете алмайды» деп атап өтті Катардағы Футбол чемпионаты-2022 ұйымдастыру комитеті бас хатшысы Хасан әл-Тавади.

Алдын ала хабар бойынша, алкогольге тыйым толықтай салынбайды. Жекелеген кейбір қонақүйлерде қолдануға рұқсат етілген. 

e-islam.kz

 

5843 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !