2017-08-17 (0) (4796)

Қажыларға қажетті заттар мен маңызды істердің тізімі

Қажыларға қажетті заттар мен маңызды істердің тізімі

 

 

 

1.

Ер адамдар ихрамды (қажы киетін екі бөлек ақ мата) ұшаққа мінерде багажға өткізіп жібермеуі керек. Оны жүкпен емес, қол сөмкеңізбен өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Өйткені ихрам киімін Алматы әуежайынан киесіз.  Ихрамды Аламатыда «Байсат» (барахолка, әл-Фараби) базарынан сатып ала аласыз. (бағасы 2500 бен 6500 теңгенің арасы)

2.

Қажылық сапары кезінде климат ауыстыратыныңызды ескеріңіз. Барлық жерде салқындатқыштар іске қосылып тұратындықтан, ауырып қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, келесі дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге ала жүріңіз:

·        Колдрекс, фервекс, инсти шай, т.б (10 дана)

·        Стрепсилс

·        Ингалипт (30 мл)

·        Биопарокс

·        Шөптен жасалған гриппостад сиропы

·        Жүке гүлі

·        Бетперде (маска бірнеше дана)

·        Оксолин майы

·        Егер қант диабеті не басқа да ауруларыңыз болса, қажетті дәрілеріңізді ұмытпаңыз.

·        Мақта, бинт.

·        Нафтизин, санорин.  

3.

Әр адам өзімен 1-2 дана станок алып жүруі керек

4.

 Ақшаңызды доллармен алыңыз (әр адам кемі 500$) Себебі, қонақ үйде екі мезгіл тамақ беріледі. Бір мезгіл тамақты өзіңіз сатып алуыңыз керек және 150$ құрбандық шалу үшін қойға бересіз.

5.

1 литрлік термос болса жақсы

6.

Тіс пастасы, щетка, сабын, шампунь, орамал (үлкен, кіші)

7.

Жолға нан, ет, қазы, халал шұжық, кофе, пакеттегі шай және т.б. алып алғаныңыз жақсы. Себебі, Жидда әуежайында біраз кідірістер болады, сол кезде қарныңыз ашып қалуы мүмкін.

8.

Күн ыстық болғандықтан жаздық, жолға ыңғайлы киімдер алыңыз. Аяққа ихрам халінде шлепка кию міндет болады. Барлық жерде салқындатқыштар жұмыс жасайды, сондықтан жеңіл кеудеше (ветровка) немесе күздік жұқа куртка, бас киім, тақия алыңыз.

9.

Газбен шашатын дезодорант, қайшы, пышақ деген нәрселерді әуежай кеденінде қол сөмкеде өткізбейтінін ескеріңіз. Қайшы, пышақ (бәкі) секілді заттарды багажға өткізіп жіберіңіз.

10

Қалам, шағын блакнот керек.

11

Фирма қажыларға жүк сөмкесін, шағын қол сөмкесін әрі арнайы кеудешелер мен аты-жөніңіз жазылған бейдждер таратады.  Бейджді қол сөмкеңізге тағуыңыз керек.

12

Джидда әуежайына түскен соң фирманың жетекшілерімен (гидтармен) ақылдаса отырып, жергілікті Сауд Арабия мемлекетінің  сим картасын (mobile) бірден сатып алып, ұялы телефоныңызға салыңыз әрі фирманың жетекшілерімен, гидттармен міндетті түрде номер алмасыңыз. Себебі, умра өтегенде тобыңыздан адасып қалуыңыз мүмкін.

13

Мүмкін болса сапарға WhatsApp желісіне қосылатын смартфон алғаныңыз жөн. Себебі WhatsApp желісі арқылы елмен байланысу жеңіл, қонақ үйдің ғаламторы арқылы ауылға теңін қоңырау шалуға да болады. Ал бірлік сатып алып телефон шалатын болсаңыз, өте көп ақша кетіп қалады.

 

 

 

 

4796 рет оқылды