11:10 | «Маңызды мәселе» для женщин
2017-03-21 (0) (5589)

Ең дәмді әрі тез дайындалатын Наурыз көже

Ең дәмді әрі тез дайындалатын Наурыз көже

 

Наурыз көже – ұлттық тағам. Оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты тағамдар қосылады. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Осындай түрлі дәрумендерге бай тағамдар қосылған наурыз көже әрбір адамның иммунитетін байытатын бірден-бір ас.

Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

 

Құрамы: 1 келі ет

Қазы, қарта

100 грамм бидай

100 грамм күріш

100 грамм жарма (перловка)

100 грамм тары

тұз, 3 литр су

1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. Жылқы етін дайындаудың құпиясы – оны сиыр етіне қарағанда ұзағырақ (кемінде 3 сағат) пісіру керек, пісіп жатқанда тұз қосыңыз. Дайын етті шығарып алып, қатты қалыңдатпай турап, сорпаға қайта салу керек.

Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып, 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз.  Арпаны жартылай дайын болғанша алдын ала қайнатып қою керек, жуылған күрішпен бірге етке қосу керек.  Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз. Міне, Наурыз көжеміз дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Айта кету керек, Наурыз көже тек осы әдіспен ғана әзірленбейді. Еліміздің әр өңірінде тұрғындар әр түрлі тәсілмен даярлайды. Осы орайда көжені пісірудің өзіңізге белгілі рецепті болса көпшілікпен бөлісуге мүмкіндік бар. Пікіріңізді мақала соңына қалдыруға болады.

 

 

5589 рет оқылды