20:50 | Бабалар сөзі – өсиет
2019-06-04 (0) (1495)

2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар

2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар

2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар:

 

WhatsApp Image 2019-06-04 at 15.25.58.jpeg

 

 

АЙТ КҮНІ ТАҢЕРТЕҢ СӘРЕСІГЕ ТҰРАМЫЗ БА?

Сүннет бойынша, Ораза айтының намазына шығарда  аузының ашық екенін білдіріп Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрма жеп шығатын болған. Ал керісінше, Құрбан айт намазына еш нәрсе жемей шығып, содан соң өзінің құрбандығынан ауызтиетін болған.

Бұл амалға байланысты Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) былай деп баяндаған: “Ораза айт күні Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан айт намазына бірнеше құрма жемей шықпайтын. Әрі әдетте ол тақ сан құрма жейтін”. (Әл-Бұхари 953). Және Бурайда “Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ораза айтының намазына тамақтанбай шықпайтын, әрі Құрбан айт намазына шығудан бұрын қайтып келмейінше тамақ жемейтін” (Әт-Тирмизи 542, Ибн Мәжаһ 1756) деген. Осы хадистің имам Ахмад келтірген риуаятында: «Әрі Құрбан айт намазына шығудан алдын одан қайтып келмейінше тамақ жемейтін. Содан соң өзінің құрбандығынан жейтін”, - деп айтылған. (Ахмад 23034).

Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын». (Әл-Бұхари 3/280, Муслим 2/577).

Және Имам ән-Нәуауи мен шейх Сыддық Хасан Хан “Ораза және Құрбан айт күндерінде ораза ұстауға тыйым салынғанына барлық ғалымдар бірауыздан келіскен ” -деген. (“Шарх «Сахих» Муслим” 8/15, “әр-Раудату-ннәдийя” 1/566)

Олай болса, біз айт күні таңертең Алла харам еткен күнде ораза ұстамағанымызды көрсетіп, таң намазынан кейін тамақ жейді екенбіз. Бұл кезде тамақ жеуіміздің өзі – Алла разы болатын құлшылыққа айналады, ал тамақ жемейтін күні – ол Құрбан айтқа дейінгі мезгіл.

1495 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


Пікір жазу үшін, сайтқа тіркеліңіз. Тіркелу

*