2016-08-08 (0) (3635)
post

Әлемдегі ең алып үшінші мешіттің құрылысы аяқталуға жақын

Алжир астанасында әлем бойынша Мекке мен Мәдина мешіттерінен кейінгі орынды иеленетін үлкен мешіт құрылысы аяқталуға таяу қалды. Өзіндік сәулет құрылысымен ерекшеленетін мешіт «Жамаа әл-жазаир» деп аталады. Мешіт сыйымдылығы 120 мың адамға шақталған. Билік өкілдерінің хабарлауынша, құлшылық ғимаратының 82%-ы салынып біткен. Құрылыс 2016 жылдың аяғына аяқталуы тиіс.  Қазіргі уақытта мамандар мешіт мұнарасын және күмбездің ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Барлық құрылыс жұмыстары Дін істері министрлігінің қадағалауымен іске асырылып келеді. Алып кешен құрылымына Құран үйі, Ислам мәдени орталығы, кітапхана, ислам тарихы мен өнері музейі, Алжир тарихын зерттеу орталығы, конференц-зал, көрме орталығы, бақ пен көлік тұрақтары кіреді. Құрылыс жер сілкінісіне төтеп бере алатындай қауіпсіздік талаптарын қатаң ескере жүргізіледі. Ал мешіт мұнарасының биіктігі – 300 метр.  

 

Алдағы 2017 жылдың көктемінде ең алып мешіт Алжир мұсылмандарына есігін айқара ашады. «Жамаа әл-жазаир» астананың шығысындағы Мохаммедия ауданын әсем әрге бөлемек. 

3636 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !