2016-05-26 (0) (3905)
post

Қазақстан қажылары үш қаладан тасымалданады

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз биыл ел қажыларының республиканың үш қаласынан тікелей тасымалданатынын хабарлады.

«Қажыларымыз осы негізгі ірі қалаларымыздан ұшады. Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің қажылық сапарын ұйымдастыруға енгізген жаңа ережесіне сәйкес, өткен жылдан бастап ашылған тікелей рейс отандастарымызды Мәдина, Жидда қалаларына 5 сағат 30 минутта жеткізді» деді наиб мүфти.

Айта кетсек, діни басқарма қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында алғаш рет ашық конкурс жариялады. Қажылық миссиясының төрағасы Серікбай қажы Ораз бұл бастаманың оң нәтиже бере бастағанын жеткізді. Оның айтуынша, конкурстың алғашқы талабына бұрын қажылықпен айналысып келген 20 компанияның жартысы ғана сәйкес келген. Наиб мүфти сондай-ақ, іргелес Ресей елінде 20 мың қажыға небары 9 туристік фирма қызмет ететінін тілге тиек етті. «Ал біздің елде 4-5 мың адамға 20 компания қызмет көрсетіп келді. Тіпті, осыған дейін 50-70 адамды қажылыққа апарған, қызмет сапасы ҚМДБ талабына сай келмеген фирмалар да болды. Ашық конкурсты жариялаудағы негізгі мақсат – қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету, осы салада кемінде бес жыл қызмет еткен тәжірибесі мол компанияларды іріктеу, ірілендіру, қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру» деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

3906 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !