07:50 | Құран құндылықтары
2016-03-30 (0) (3644)
post

Канада жалған халал өнімдермен күреспек

Канада халал өнімдерінің дұрыстығын тексерудің тың әдісін қолға алды.

Енді 4 сәуірден бастап ел аумағында халал өнімдерін сертификациялау туралы жаңа ережеге сәйкес, шариғат тұрғысынан рұқсат етілген өнім немесе жарнама тауарларында халал сертификатын нақты қандай ұйым немесе мекемеден алғаны көрсетілуі керек.

Өнімнің халал екенін растайтын құжат құзіретті агенттіктің талаптарына да сай болуы шарт. Жаңа ереже бұзылған жағдайда Канада азық-түлік инспекциясы жөніндегі агенттігі тиісті шараларды қолданады. Ал аталмыш шаралар 2014 жылы әзірленген болатын. 2016 жылға дейін осы саладағы барлық кәсіпорындарға формальды халал сертификатын алуға мүмкіндік беріп келді. 

 

e-islam.kz

3645 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !