2019-12-23 (0) (4455)
post

“ДІНТАНУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ”

Қазіргі таңда елімізде дінтану мамандықтары белең алып, жастарды түрлі оқу орындарында оқытып  келеді. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 85 жылдық тарихы бар бұл оқу орнында бүгінде "Дінтану" мамандығының ашылғанына 20 жыл толып отыр.
Шараның мақсаты – болашақ дін мамандарын  замануи бағытта тәрбиелеп, дінтануды оқытудың өзекті мәселелерін талқылау. Бұған дейін де көптеген басқосулар ұйымдастырылып, түрлі тақырыптардың күрмеуі шешілген болатын. Нәтижесінде  факультет түлектері еліміздің әр аймағында қызмет етіп, дін саласының дамуына  үлкен үлес қосып келеді
"Дінтанудың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келген қонақтар ең алдымен көрмемен танысып, осы жолда білім берген ұстаздарға алғыстарын айтып, құттықтауларын жаудырып, кәдесыйларын табыстап жатты.

 

Борбасова Қ. Қонысбекқызы Ү.

4456 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !