«Азияның жолбарысы» деген атқа ие болып, дамудың даңғыл жолына түскен Малайзия мемлекеті көпке үлгі. Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейі тек экономикалық, білім беру жүйесінде ғана емес, сауда-саттық бағытында да қарқын алып келеді.
Бүгін Малайзия елшілігіндегі сауда-саттық бөлімі (MATRADE) миссия аясында шағын және орта бизнес саласындағы қазақстандық компаниялармен кездесу өткізді.
Жүздесуге серіктес тарап ретінде біздің телеарна да шақырылған еді.
Кездесу барысында "Асыл арна" телеарнасы мен Малайзияның "Акуйла Эмас" медиа-орталығы арасында серіктестік орнап, алдағы уақытта бірқатар тележобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шешім қабылданды.