Елдің елдігі ел басына күн туғанда білінеді. Арыстағы әскери қоймалардағы қару-жарақтың жарылысына байланысты еліміз бүгінде елдік бірлігін, қамқорлығын көрсетіп жатыр. Президент пен Үкіметтен бастап, қарапайым еріктілерге дейін дер уақытында қиналған қауымның басы-қасынан табылды.
Соның бірі танымал отандық кәсіпкер, BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін хабарлап, 100 үйді қалпына келтіруге 100 миллион теңге бөлді.
Міне, қиын күндерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұдырық боп жомарт та, мәрт халық екенімізді дәлелдеп жатқан ел азаматтарына Алла разы болсын!