10:15 | Құран уақыты
10:35 | Ем болсын
10:45 | Менің анам, менің әкем
2019-06-26 (0) (4905)
post

ҚР Президенті Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқан барлық волонтерлерге ризашылық білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазады Президент twitter парақшасында.
Еске салсақ, Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездескен болатын.
www.inform.kz

4906 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !