Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Бас мүфтидің алғыс хатымен Хумарбек Айнұрды марапаттады.
ҚМДБ-ның Алматы қаласы, Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің жанынан ашылған зағип жандарға арналған сауат ашу курсында шәкірттерді сауаттандырып қасиетті Құран Кәрімді өз еркімен оқи алатын дәрежеге жеткізіп отырған Хумарбек Айнұр зағип жандармен жүйелі түрде жұмыс жасап отыр. Сонымен қатар, Айнұр ұстаз зағип жандарға арнайы әліппе және басқада діни кітаптар әзірлеп, сауаттандырып келеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деген өнегелі өсиет қалдырған.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі