15:10 | Маңызды мәселе
2016-10-04 (0) (2584)
post

Хəкім Абай дін туралы

Абайдың шығармаларындағы дінге жəне сенімге байланысты айтып кеткен ойларынан Мұхаммед пайғамдардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен нәр алғандағы байқалады.  Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің шарапатты хадисінде, "Шын мəнінде Алла Тағала сендердің сыртқы дене-бітімдеріңе не түр-тұрпаттарыңа емес, жүректерің мен амалдарыңа қарайды” (Мүслим). Яғни, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең басты Алланың назары түсетін жер жүрек деп анықтап айтты, бұл ақиқаты хəкім Абай өзінің өлеңдерінде былай деп жеткізді:
Алла деген сөз жеңіл
Аллаға ауыз қол емес
Ынтыла жүрек, шын көңіл
Өзгесі хаққа жол емес
, - дей отырып, үлкен мəселені көтеріп отыр. Өзінің заманындағы Құдайға сенушілерді, бір қырынан сөгіп, екінші бір қырынан түзу жол көрсетіп өзінің өлеңдерінде астарлап ақиқатты баяндап отырды.
Яғни тек қана Алла, Алла дегенмен істің бітпейтіндігі Алла дегеннен кейін, сенім жүрекке арнағаннан соң, шариғат белгіленген амалдарды орындау яғни (намаз, зекет, ораза, қажылық) секілді талаптарды орындауға күш жігер салу керек.Тек қана Алла деумен адам баласы мұсылман болмайтындығы, яғни тіл айтқанын жүрек растау керек. Хәкім Абайдың келесі бір өлеңінде:
Жүректің көзі ашылса
Хақтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі

дей кела адам надандық ұйқысынан оянса, көкірек көзі ашылып оған Алланың сәулесі түседі, ал енді Хақтың сәулесі түссе ой пиғылы тазарып сөйтіп ол құлшылық жолына деп қоя бастайды. Құлшылықты шын көңілмен жасап, жігерленіп жүрегіне үңіле түседі, сөйтіп жүрекке әр қырынан баға береді.
         Жүректе қайрат болмаса,
         Ұйықтаған ойды кім түртпек.
         Ақылға сәкле қонбаса,
         Хайуанша жүріп күнелтпек
         Малда бар жан мен тән
         Ақыл сезім болмаса,
        Тіршіліктің иесі сән
        Тереңге бет қоймаса.

деп Жартаушыға деген махаббаты оянады. Сөйтіп, ол кемелденген, жетілген, толық адамға айналады.
Ханафи мазхабының төл имамы Аюу Ханифа өзінің бірінші өсиетінде былай дейді.
"Иман дегеніміз-тілмен айтып жүрекпен бекіту.Жалғыз тілмен айту иманның кəміл болуы үшін жеткіліксіз" дей келе тілдің айтқанын жүрек міндетті түрде қолдау керек яғни Хəкім Абайда,Абу Ханифаны растай отыра,діндегі ең басты назар тілде емес жүректе екенін баса айтты. Ол жайлы Алла Құранда “Шұғара” сүресінің 88-89 аятында "Ол күні малда, балаларда пайда бермейді, бірақ кім Аллаға таза жүректен келсе ғана (пайда береді)” деп жүрекке айырықша көңіл бөлу керек екенін Алла Құранда ескертті. Абайда осыны меңзей отыра Алла апарар жолда ынталы жүрек, сүйуші жүрек, іздеуші жүрек, аңсаушы жүрек жəне екінші шын көңілдей келе көңілдің тазалығынада ерекше мəн берген. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, атам қазақ шын көңіл, ақ көңіл, таза көңіл деп рухы биік, көңілі бұлақтын мөлдір суындай таза адамдарға айтқан, хəкім Абай Алланы тануға, оған жетуге деген талпынысты өзінің өлеңінде екі ауыз сөзбен жеткізген.

Қалдыбеков Мұхтар

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ,
дінтану және мәдениеттану
кафедрасының магистранты

Ғылыми жетекші: Борбасова Қ.М.

2585 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !