24.04.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

"Асыл арна" телеарнасы мен Түркия Радио Теледидар мекемесі (ТRТ) ортақ меморандумға қол қойды.

image 1
2018-03-23

"Асыл арна" телеарнасы мен Түркия Радио Теледидар мекемесі (ТRТ) ортақ меморандумға қол қойды. ТRТ – құрамында 14 телеарнасы, 9 мыңға жуық қызметкері бар алып медиаұйым. Бұл қазіргі уақытта 17 түрлі серіктеспен 41 тілде тыңдалатын арнаға айналған. TRT - білім беру, мәдениет, деректі фильм, драма, спорт, ойын-сауық трансляцияларымен әртүрлі жастағы миллиондаған аудиторияға хабар таратып, көпшілік көрерменнің көңілінің де, үйінің де төрінде тұр. 

TRT - дұрыс әрі түсінікті ақпарат беруді, халықтың рухани дамуына үлес қосуды, көңіл көтере отырып үйретуді және мәдени бүтіндікті сақтауды мақсат етеді. Осы ретте "Асыл арна" телеарнасының басшысы Мұxамеджан Оразбайұлы мен TRT Бас директоры Ибрагим Эрен өзара бірігіп атқаруы тиіс бірнеше телешаралар жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Сондай-ақ, бүгін "Асыл арна" телеарнасының Бас продюсері Ерлан Әбдірұлы ТRТ Avaz және TRT Diyanet телеарналарының басшысы Седат Сағыркайя мырзамен кездесу өткізді. Басқосу барысында TRT мен "Асыл арна" тізе қосып атқаратын бірнеше жобалар талқыланып, ортақ келісімге қол жеткізілді. 

Телеарналар арасындағы халықаралық келісім - қазіргі жаһандану дәуірінде қалыпты құбылыс. Дегенмен, эфирге шыққанына он жыл толған біздің жас ұжым үшін бұл да зор жетістіктердің бірі. 

Ендеше, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Алла ойға алған істерімізге береке берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

asylarna.kz

348

No results found.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.