20.02.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Мешіт қызметкерлері мен жамағаты халыққа тегін қызмет көрсетуде

image 1
2018-01-24

Дін істерін зерттеу орталығының орынбасары Айбек Аташев: Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Астанадағы «Нұр Астана» мешіті «Астана – мейірімді қала» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды», -деп хабарлайды astana.day инстаграмм әлеуметтік парақшасында.  

Акция аясында мешіт қызметкерлері бас қала тұрғындарын тегін такси қызметімен қамтамасыз етуде. Айбек Аташевтың мәлімдеуінше, қала ішінде таңғы сағат сегізден бастап 30 шақты көлік халыққа қызмет көрсетуде. Олар аялдамада тұрған және қол көтеріп тоқтатқан жүргіншілердің барлығын қажетті жерлеріне жеткізіп салуда. 
Сонымен қатар, үскірік аяз күндері мешіт жағдайы төмен отбасыларды тас көмірмен, ал құрлысшылар мен жол тазалаушыларды ыстық шәй- тамақпен қамтамасыз етуде.
«Нұр Астана» мешітінде 200 шақты адамға жетерлік ыстық тамақ, шәй және күлше нан әзірленген. Мұның барлығын мешіт жамағаты мен қызметкерлері ұйымдастырған деп атап өтті Айбек Аташев.

«Тегін такси» қызметі бойынша жәрдем бергісі келетін жандар мына телефон нөмеріне 8 (778) 212-11-61 наиб имам Әділхан Серікбай

Тас көмір жеткізу немесе тегін тамақ беру бойынша қол ұшын созам деушілер

8 (775) 720-75-10 Ілияс Отаровқа хабарласа алады.

 

muftyat.kz

678

Нет результатов.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.