19.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

image 1
2017-12-12

Бүгін «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек ағамыз  Тәуелсіздік күніне орай өткен жылды қорытындылау, атқарылған істерге баға беріп, еңбегі сіңген қызметкерлерге алғыс айту мақсатында жылдық есеп беру жиналысын өткізді. Жиналыс барысында ҚМДБ-ның «Асыл арнадағы» өкілі, шариғи редактор Нұржан Таласұлы да сөз алып, ұжымға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаның ыстық сәлемін жеткізді. Нұржан Таласұлы қызметкерлерді алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Осы жерде жүріп, сіздермен танысқаныма өзімді бақытты санаймын. Мен бұл жерде көп нәрсені үйрендім. Сіздер рухани шөлдеген қауымның жыртығына жамау, жанына жебеу болатын елеулі еңбек атқарып жүрсіздер. Сондықтан мұны жұмыс деп емес, елге жасалған қызмет деп түсініңіздер», - деп ағынан жарылды. Арнамыздың бас продюсері Ерлан Әбдірұлы атқарылған істерді сүзгіден өткізіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Жиын соңында арна басшысы Мұхамеджан Оразбайұлы қызметкерлерді алдағы айтулы мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әр маманға ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді және бірнеше қызметкердің еңбегін елеп, арнайы алғыс хаттармен, сый-сияпаттармен марапаттады.

asylarna.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1345

Өзге жаңалықтар

  • «Асыл арна» телеарнасының қызметкері «2017 жылдың үздік оқытушысы» атанды!
  • Бүгін "Асыл арнаға" ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы ат басын бұрды.
  • "Мемлекет мақтанышы-2017" байқауы өтті
  • Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҮЛЕС – БАРЛЫҚ МҮДДЕДЕН БИІК КҮРЕС
  • Бүгін елордамыз Астана қаласында ақпарат саласының үздіктері марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .