20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

«Энергетика тілшісі»

image 1
2017-11-02

Қазіргі таңда энергетиканың халық тұрмысындағы және экономикадағы маңызы айрықша жоғары. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, бүгін бізге «Жаңа энергия – жаңа экономика» қажет. 150-ден астам елдер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ ірі корпорациялардың энергетика сала¬сындағы ең озық тәжірибелері мен білімдері назарға ұсынылған Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі  де осы болашақ энергиясына арналған еді. Көрмеге келген жұртшылық әлемнің үздік ғылыми және инженерлік жетістіктерін көріп, мүмкіндігі мен әлеуетіне ой жүгіртті. Одан кейін әлемнің маңдай алды ғалымдары қатысқан Астана экономикалық форумында да «тың энер¬гия мен экономика» мәселесі көтерілді. Қысқасы, бұл - қанша айтсаң да ескірмейтін тақырып. Олай болса "не тұрыс, іске кіріс" дедік те, біз де арнамыздың  журналисі Алтынбек Рахымбердіні  түрік елінің астанасы Анкара қаласындағы әйгілі «Анадолы» агенттігіне «Энергетика тілшісі» атты тағлымдамаға жіберген едік.  Журналисіміз Алтынбек Рахымбердінің хабарлауы бойынша, қазіргі таңда олар ғылым докторларының лекцияларын тыңдап, «Türkiye Petrolleri» мекемесімен танысып, ғылыми зертханаларын аралап, бауырлас Түркия елінің энергетика саласындағы тың серпінді жобаларымен танысып жатыр. «Türkiye Petrolleri» сараптама маманының айтуы бойынша, 80 миллионнан астам халқы бар алып Түрік елі, транзитті елге айналып, энергия көзінің орталығы болғысы келеді.   

Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен келген 23 тілші «Энергетика тілшісі» атты семинарды ұйымдастыруға мұрындық болған Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) орталық офисімен де танысты. Әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер шарының 150-ге жуық елімен ынтымақтастық жобаларын жасасқан (TIKA) ұйым, соңғы 3 жылда ынтымақтастық және гуманитарлық  жұмыстарының арқасында әлемде алдыңғы қатарға шыққан. Ал таңнан кешке дейін табанды дәріс өткізіп жатқан «Анадолы» агенттігі болса, әлемнің 80-нен астам елінен 13 тілде, 24 сағат ақпарат тарататын, Түркиядағы жаңалықтар кеңістігінің 63 пайызын қамтитын алып мекемеге айналған. Статистикаға сүйенсек, бұл орталық әлем бойынша ақпарат тарататын орталықтар арасында 8-ші орында. 

Жаңа заманда жаңа экономиканы қарқынды дамытуды көздеген елімізге «Энергетика жаңалығын» жазар сауатты маман керек-ақ. Олай болса, Қазақстаннан арнайы оқуға барған үш маман Айгүл Мыңжасар, Гүлмайра Сансызбаева, Алтынбек Рахымберді ел игілігі жолында қызмет етеді деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

asylarna.kz

925

Нет результатов.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.