20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Анкара қаласында «Энергетика тілшісі» атты журналистерге арналған ауқымды семинар өтіп жатыр.

image 1
2017-10-26

Анкара қаласында «Энергетика тілшісі» атты журналистерге арналған ауқымды семинар өтіп жатыр. Анадолы агенттігі Хабар академиясы мен Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) қолдауымен өтіп жатқан семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Әзірбайжан секілді бірқатар елдерден сайдың тасындай іріктелген 23 журналист қатысып, білім-біліктерін арттыруда. Біздің елімізден үш адам аттанған. Олар - «Ұлттық арнадан» Айгүл Мыңжасарова, «Хабар» агенттігінен Гүлмайра Сансызбаева және «Асыл арна» телеарнасының журналисі Алтынбек Раxымберді. Көптің басын қосқан бұл семинар әлемдегі энергетика тарихын, қазіргі жағдайын, мұнай, газ, электр саласындағы өзгерістерді, энергетика дипломатиясы мен құқықтарын қамтымақ. Семинар 23-қазан мен 17-қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 


Он жылдық тәжірибесі бар арнамыз жыл өткен сайын жаңа белестерді бағындырып келеді. Жаңа маусымда тың жобалар, мәнді роликтер, тағылымды фильмдер түсіруден биік белестен көрініп жүрген «Асыл арнаның» xалықаралық аренадағы әлемдік телеарналармен тәжірибе алмасуы - болашақта көп жаңашылдыққа жол ашады деп үміттенеміз.
 

@altynbek_rahimberdi

 

 

 

 

 

 

 

 

asylarna.kz

1033

Нәтижелері жоқ.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.