23.04.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
04:3105:5512:5417:4519:4721:11

Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким жас кәсіпкерлерді қолдауға грант бөледі

image 1
2017-10-20

«Сәби» қайырымдылық қоры жас кәсіпкерлерге арналған «Өз бизнесіңді қалыптастыр» байқауының төртінші кезеңі басталғанын хабарлады. Жоба Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейін жоба аясында 23 отандық кәсіпкер қаржылық қолдауға ие болды.

«Өз бизнесіңді қалыптастыр»  — қазақстандық бизнесмендердің біріккен жобасы. Негізгі меценаттар «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев. Ал «Сәби» қайырымдылық қоры — конкурс операторы.

Конкурсқа қатысатын кәсіпкерлер өзінің жобасы туралы екі минутқа жуық видео түсіріп, оның сілтемесін әлеуметтік желіде және entrepreneur.saby.kz сайтында жүктеу керек.

Өтініштер 2017 жылдың 22 қаңтарына дейін қабылданады. Қаржылық қолдауға шамамен 6 жоба ие болады. 2017 жылы анықталатын грант иегерлеріне 60 млн теңге бөлінеді. Толық ақпаратты ұйымдастырушылар сайтынан білуге болады.

 

7kun.kz

2747

Нәтижелері жоқ.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.