15.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Қарттар үйінде тұратын 82 жастағы қария зейнетақысын жинап қажылыққа барды

image 1
2017-08-31

Кәрімғали қажы Мақамбай мұсылмандарға міндет етілген қажылық парызын орындау үшін бес жыл бойына зейнетақысын жинаған деп хабарлайды NUR.KZпорталы.

«4500 доллардай болатын биылғы қажылық ақшасын жинап, ниет еттім. Таза зейнетақымның ақшасы. Осыған дейін 103 мың теңге зейнетақы алып келдім. Бес жыл бойы осы ақшаны үнемдедім. Өзім соңғы жылдарда қаржы басқармасында қызмет етіп зейнетке шыққан адаммын. Жоғарғы білімім бар. Біраздан бері ардагерлер үйінде тұрамын. 65 жасымнан бері дінге бет бұрдым. Кеше қағбаны сүйіп тұрып: «Аллам, менің жүрегіме құранды өшпестей етіп жазып бер. Құран жолымен жүруді нəсіп ет, тақуалыққа қолымды жеткізе көр» деп тілек тіледім», - дейді Кәрімғали Мақамбай.

 

Зәмзәм суы қарияның дертіне шипа болған.

 

«Осыған дейін умра қажылыққа келген болатынмын. Қағбаның қасиетін сезген адам 50 градус ыстықты сезбейді. Керісінше, қасиетті жер оны емдейді. Зәмзәм суы барлық ауруға шипа. Мен қан қысымы жоғары адаммын. Үнемі дәрімен жүретінмін. Бес күн болды. Мен әлі бес дәрі ішкен жоқпын. Кіші дәретім бұзылған болатын. Зәмзәм суын ішкеннен кейін ол дертімнен де айырылдым», - дейді Кәрімғали ақсақал.

 

Ақсақал қажылықтың үлкен рух беретінін айтып қуанып жүр.

2665

Өзге жаңалықтар

  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Энергетика тілшілеріне сертификат табысталды
  • «Энергетика тілшісі»
  • Бүгін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері арасында спорттық ойындардан жарыс өтті.
  • Анкара қаласында «Энергетика тілшісі» атты журналистерге арналған ауқымды семинар өтіп жатыр.
  • Қостанайда бір күнде екі мешіт ашылды
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .