23.10.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
05:5707:1312:4016:1618:0019:16

БИЫЛ ҚАЖЫЛЫҚ ПАРЫЗЫН ӨТЕУГЕ 2 МЛН АДАМ КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ

image 1
2017-08-17

 

Қажылық рəсімдерінің басталуына екі апта уақыт бар. Бірақ соған қарамастан,  бүгінгі күнге дейін қасиетті жерлерге 728 мыңнан астам қажы жетіп үлгерді. Бұл өткен жылғы осы уақытқа қарағанда 18%-ға көп.

Биылғы қажылық маусымына 2 млн қажы келеді деп күтілуде. Қажылар санының бұлай артуы қасиетті мешіттегі үш жылға созылған күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты болып отыр.

Сауд Арабия санақ комитетінің есебі бойынша соңғы он жылда қажылыққа 23 млн. 900 мың қажы келген. Ең аз мөлшері –  өткен 2016 жылғы көрсеткіш. Былтыр 1 млн. 862 мың адам қажылық парызын өтеп қайтқан. Ең көп мөлшер осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2012 жылы тіркелген екен. Ол жылғы қажылық маусымында елге 3 млн. 161 мың қажы кірген. Бұл ресми санақ бойынша ғана. Сондай-ақ, бұған Рамазан айы мен жыл бойғы умраға келетін мұсылмандар саны жəне меккеліктер қосылмаған. Ал Рамазан айын қосқанда осы жылы умраға келіп-кеткен мұсылмандардың саны 37 млн. адамға жетіп жығылыпты.

Қажылық жəне Умра министрлігінің хабарлауынша министрлікке осы жылғы қажылық маусымы үшін 95 мың жұмыс күші тартылған. 10 мыңнан аса маман тек қасиетті мешіт Əл-Харам аумағында жұмыс атқарады. Мина жазығында 2,5 млн адамдық шатырлар толық дайындықтан өткен.

28 автобус компаниясы 17800 автобуспен қажыларға қызмет көрсетуге дайын отыр. Қосымша түрлі төтенше жағдайлар үшін 850 автобус қарастырылған.

 

asylarna.kz

1915

Нәтижелері жоқ.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.