27.06.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
03:2605:1112:5818:1820:4022:25

ҚАЗАҚСТАНДА ШАРИҒАТҚА САЙ ИПОТЕКА ПАЙДА БОЛАДЫ

image 1
2017-03-18

Айтып отырғанымыз - шариғат заңына сай ипотека алудың үміті. Астанада өткен «IFN ТМД» форумында, яғни, ТМД мемлекеттеріндегі ислам қаржыландыру жүйесінің бүгіні мен болашағы талқыланған форумда алғаш рет Қазақстанда шариғат аясында ипотека беру мүмкін екені айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанда шариғат бойынша ипотека беруді көздеп отырған қаржы институты, ол - Al Hilal Bank. Бұл банк ислам тәртібі бойынша қаржыландыру туралы заң қабылданғаннан кейін, Қазақстанда ашылған алғашқы жекеменшік ислам банкі.

Міне, осы Al Hilal Bank биыл Қазақстанның ритейл-нарығына (көтерме сауда көлеміндегі бөлшек сауда) шығуды көздеп отыр. Яғни, банк өз тетіктерін бөлшек саудаға енгізіп, ислам тәртібіне сүйенген депозит пен ипотеканы іске қосуды жоспарлап отыр. Банк өкілдерінің айтуынша, алғашқы екі-үш жыл ішінде банк бұл қызмет түрлерін шектеулі мөлшерде ұсынады. Қазақстанда шариғат заңына сай ипотека мен депозит берудің тағдыры да осы ілкі жобалардың нәтижесіне қарай шешіледі.

«Алдымен, ислам депозиттерінен бастаймыз. Ал, жыл соңында тұтынушылар үшін ипотека беруді көздеп отырмыз. Егер Қазақстанға енгізейік деп отырған бұл тәжірибеміз нәтижесін берсе, онда ТМД-ның өзге елдеріне шығамыз»,-дейді БАӘ-дегі Al Hilal Bank-тің бас операциялық директоры және Қазақстандағы Al Hilal Bank-тің директорлар кеңесінің мүшесі Прасад Абрахам.

Ислам қаржыландыру жүйесіндегі ипотека дегеніміз - банк баспананы өз меншігіне сатып алады да оны жалға береді. Қазақстанда жекеменшікке салынатын салық бар, жеке тұлғалар үшін салық көп емес, ал заңды тұлғалар үшін мүліктің 1,25 пайызы салық ретінде алынады. Осылайша, шығын да 1,25 пайызға артады. Банк осы шығынды өз мойнына алады.

Прасад Абрахамның айтуынша, 2017 жылдың соңына қарай, банк шариғат аясында ипотека беруге шындап кіріскен кезде, оның тетіктері қосымша талқыланып, түсіндіріледі.

Ал, жалпы, Қазақстанның қаржы сарапшылары 2025 жылға қарай ислам қаржыландыру жүйесінің еліміздегі бүкіл банк секторындағы үлесі 10 пайызға жетеді деп болжап отыр. Қазір ол тек 0,1 пайызды құрайды.

«2025 жылға қарай Қазақстандағы бүкіл банк активтерінің үлесіндегі исламша қаржыландырудың салмағы 5-10 пайызға жетеді. Бұл - өте үлкен көрсеткіш болар еді. Қазір «Астана халықаралық қаржы орталығы» мен Қаржы министрлігінде «Сукук» мәселесі (сукук - облигациялардың исламдық баламасы) қызу талқыланып жатыр. Жақын арада, «сукук»-пен жұмыс істейтін мүмкіндік туады деп ойлаймын. «Астана халықаралық қаржы орталығының» бұл қызметке қатысты жұмысы көп елдерді қызықтырып отыр. Келер екі жыл ішінде Ислам даму банкі Қазақстанға 300 млн доллар инвестиция құймақ. Сондықтан, «Астана» қаржы орталығы осындай инвестицияның бір «терезесіне» айналғысы келеді »,-дейді «Астана» қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов.

Жалпы, осы мақсаттардың бәрін қосқан кезде, Қазақстан 2020 жылға таман ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингі бойынша негізгі хабқа айналуды көздеп отыр.

 

e-islam.kz

1023

1—5 нәрсе, барлығы 5.
Аты-жөні: гулжанат
Дата: 24.03.2017 19:00

Пікір:
Шаригат бойынша ипотека га уй берилсе нур устине нур болар еди


Аты-жөні: Данияр
Дата: 27.03.2017 16:37

Пікір:
МашАлла


Аты-жөні: Талант
Дата: 2.04.2017 14:11

Пікір:
0 процентпа кашанан бастап берлед


Аты-жөні: Гүлбарам Шекерб
Дата: 10.04.2017 13:26

Пікір:
Шымкент қаласында да беріледі ме? Шымкент қаласындағы банктің бөлімшесінде бос жұмыс орны бар ма екен? Банк саласындағы жұмыс стажым бар.


Аты-жөні: Бағлан
Дата: 10.04.2017 18:10

Пікір:
Ассалаумағалайкум жамағат. Алла сатин салсын! Иске сәт.






Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.