15.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Дін істері министрі "Асыл арна" телеарнасына ресми сапармен келді (фото)

image 1
2017-02-24

 

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев республикалық «Асыл арна» телеарнасына ресми сапармен келді. 

Нұрлан Байұзақұлы телеарна орналасқан ғимаратты толық аралап көріп, шығармашалық, техникалық құраммен танысты. Осы күнге дейін атқарылған шаруаларға оң бағасын берді. Өндіріс жүйесіне қаныққан министр «Асыл арна», Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында жасалған үш жақты меморандум негізінде елеулі жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті. Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік саясаттың насихатталуы, экстремизммен күрестегі ағартушылық шараларының арна эфирінде көрініс табуына оң бағасын берді. 
Сондай-ақ Нұрлан Ермекбаев «Асыл арнаның» қоғамдағы орны ерекше екенін тілге тиек етіп, алдағы уақыттары министрлік пен телеарна арасындағы байланыс бұдан кейін де нығая түсетінін жеткізді, ұжымның шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.

 

 

 

2909

Өзге жаңалықтар

  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Энергетика тілшілеріне сертификат табысталды
  • «Энергетика тілшісі»
  • Бүгін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері арасында спорттық ойындардан жарыс өтті.
  • Анкара қаласында «Энергетика тілшісі» атты журналистерге арналған ауқымды семинар өтіп жатыр.
  • Қостанайда бір күнде екі мешіт ашылды
  • 1—1 нәрсе, барлығы 1.
    Аты-жөні: Aman hajy
    Дата: 25.02.2017 06:05

    Пікір:
    Алла сансыз мол шүкірлер болсын! Ептеп аяғымызға тұрып келеміз. Мінеки, енді діни министрлігіміз де бар. Менің ойымша оның жанында қажылық Департаменті, зекет Комитеті де болса керек. Келесі кезекте - министр айтқан министр «Асыл арна», Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында жасалған үш жақты меморандумға - Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ішкі істер министрлігі бірлесе - алтыжақты меморандум жасалып, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орнынан кейінгі мекемелерді қамтитын, жұмыспен қамтылған және қамтылмаған жастарды қоса - имани-ислами білім мен тәрбиені қолға алатын уақыт келген сияқты. Ата-баба салты мен дәстүрі, әдет-ғұрпы мен өнегесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынбаса - қысқа етек, ашық омырау қыздарымыз, қысқа балақ, шашық сақал жігіттеріміз адасудан көз жазбайды. Қыз-келіншектеріміз күлге аунап жүкті болған жоқ, оған да ер-азаматтар күналы, олардың ата-анасы да сол жолдан өткен болар. Мүмкін, сол азаматтар кезінде халық қалап, бүгінде депутат креслосында, не министрлік кабинетінде, не басқа мемқызметкер санатында отырған болар - мүмкін тағы да бірнешесінің обалын арттырып жүрген болар. Тал бесікті тербетер ананы сол бесікте жатқан кезінен тәрбиелейтін әдістеме керек. АҚШ Конституциясына 300 жылдан аса уақыт өтсе де осы күнге дейін өзгеріссіз келе жатқаны - ол Қасиетті Құраны Кәрим негізін басшылыққа ала отырып жазылған. Біздің заңдарды жазушы, қабылдаушыларымыз сол қасиетті кітаптың орнына "ананың" да "мынаның" да заңдарын жұлмалап жатады. Қандай да бір Заң, Ереже, Тәртіп құжатын дайындаушы - өмірінде бір рет осы Кітаптың қазақша не орысша нұсқасын ашып оқыса - көзі ашылар еді. Мен осы мәселе төңірегінде Мүфтият мамандарымен сұхбаттасқан едім - әрине ол кісілер көмекке әзір... Дегенмен, айтуға оңай...






    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .