22.08.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Астанада жаңа мешіттің құрылысы басталды

image 1
2016-12-21

Еңселі елорда келер жылы тағы бір айшықты құлшылық үйімен толығады. Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Мәңгілік ел» Триумф аркасы жобасы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері Сағындық Жанболатов «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында елорданың тәуелсіздік жылдарындағы сәулеті туралы әңгімелеп берді. Сұхбат барысында сәулетші Астана қаласында жаңа мешіттің бой көтеретінін жеткізді.

Айта кетсек, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларындағы мешіттер Сағындық Жанболатовтың жобасымен тұрғызылған. Бұдан бөлек, бас қаламыздағы көркімен көз тойдырған «Әзірет Сұлтан» мешіті де осы автордың туындысы.

«Күні кеше ғана Астанадан Қорғалжынға апаратын тас жолдың бойындағы көпір маңайында, С 409 көшесінде жаңа мешіттің құрылысы басталды. Бұл мешіт келесі жылы күзде пайдалануға берілуі тиіс. Оның философиясы мүлде бөлек – заманауи қазақ стилінде. Жаңа мешіт жобасында портал мүлде жоқ. Ал атын шартты түрде «Алланың гүлі» деп қойдым. Мұны соған ұқсатып жасап, жанына ирек-ирек қаламды орналастырдым» дейді С.Жанболатов.

Сәулетшінің сөзінше, алғаш бұл жобаны көпшілік түсінбей, таңданыс білдірген. Алайда, жоба қабылданып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да мақұлданған.

muftyat.kz

791

Нет результатов.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.